Әлем әдебиеті оқу залында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Ресей кітап бұрышына тіл білімі бойынша әдебиеттер қорын кеңінен насихаттау мақсатында «Орыс тілі және мәдениетаралық коммуникация» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Әлем әдебиеті оқу залында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Ресей кітап бұрышына тіл білімі бойыншаәдебиеттер қорын кеңінен насихаттау мақсатында «Орыс тіліжәне мәдениетаралық коммуникация» атты кітап көрмесіұйымдастырылды. Тілдердің әртүрлілігі – бүкіл адамзат мұрасының үлкен байлығы, ал оларды тану мен құрметтеу – бейбітшілікті сақтаудың кепілі. Өйткені, тіл тек қарым-қатынас құралы ғана емес, адамзаттың өмір сүруінің қажетті шарты. Әр ұлттың тұрақты құндылықтары, наным-сенімдері, болмысы тіл арқылы беріледі. Тілдің арқасында халықтар тәжірибе, дәстүр мен білімді жеткізеді. Бұл қарым-қатынас, ойлау және қабылдау құралы, біздің әлемге деген көзқарасымызды сипаттайды. Тіл этнос тарихымен тығыз байланысты, оның біртұтастығын қамтамасыз етіп, төл болмысының кілтіне айналады. Ол өз тасымалдаушылары арасында ажырамас байланыс жасайды және халық үшін негіз болады.
Көрмеде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан орыс тілінің тарихы мен қазіргі жай-күйін, оның ерекшеліктері мен шығу тегін көрсететін ғылыми -танымдық әдебиеттер қойылған. Сондай-ақ, көрмеде анықтамалық әдебиеттердің үлкен таңдауы ұсынылған: орыс тілінің грамматикасы бойынша әртүрлі сөздіктер, анықтамалықтар және энциклопедиялар.
Көрмеде мәдениетаралық коммуникацияның негізгі мәселелерін қамтитын ғылыми еңбектер топтамалары да қойылған: С.Г.Тер-Минасова «Язык и межкультурная коммуникация» (2008), Н.Б.Мечковская «История языка и история коммуникации: от клинописи до Интернета» (2009), В.Б.Кашкин «Введение в теорию коммуникации» (2022), Е.А.Нахимова «Основы теории коммуникации» (2015), «Филология и коммуникативные науки» (2015), С.В.Ильясова «Языковая игра в коммуникативном пространстве СМИ и рекламы» (2012), Поплавская Т.В. «Пойми меня правильно: интерпретация коммуникативного поведения» (2022), «Русский язык в мире: современное состояние и тенденции распространения» (2005), «Язык. Дискурс. Ментальность» (2020) және т.б.
Баршаңызды кітап көрмесін тамашалауға шақырамыз!