+7 (727) 267-28-83

25-27 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының мамандары Андижан қаласында (Өзбекстан) онлайн форматта өткен «Central Asia – 2022» XV Халықаралық конференциясының жұмысына қатысты.

«Ақпараттық технологиялар ғасырында оқу мәдениетін дамыту» секциясында «WEB-RABIS отандық бағдарлама қамтамасыз ету: Қазақстан кітапханаларында енгізу және қолдану» баяндамасымен директордың ақпараттық технологиялар және инновациялар жөніндегі орынбасары Н.А. Искалиева сөз сөйледі. Онда ҚР Ұлттық кітапханасының IT-мамандары әзірлеген WEB-RABIS жүйесін енгізу және қолдану мәселелері қаралды.

«Библиографиялық қызмет және заманауи ақпараттық технологиялар негізінде библиографиялық жазбалар жасау» секциясында «Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Каталогизатор мектебі: кітапхана мамандарының біліктілігін арттыру» баяндамасымен Ақпараттық ресурстар қызметінің жетекшісі Ф.У. Сыдықжанова республика мамандарының біліктілігін көтеруге негізделген Каталогизатор мектебі аясында атқарылған жұмыстарымен бөлісті.

Конференция Қазақстан мен Өзбекстан ұлттық кітапханалары арасындағы мәдени, ғылыми және білім беру байланысын нығайтуға бағытталған.