+7 (727) 267-28-83

2605

26 мамырда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында домбырашы, қазақтың күйшілік-домбырашылық  дәстүрін ғылыми негізде әлемге танытушы ғалым Базаралы Мүптекеевтің «Жетісудың оңтүстік-шығысындағы күйшілік дәстүр» атты монографиясының, «Күй шақыртқы» атты күйлер жинағы мен CD күйтабағының тұсаукесері өтті.

Мүптекеев Базаралы Жұмағұлұлы – қазақ руханияты мен мәдениеті жолында тер төккен арда азамат, көрнекті өнертанушы ғалым, шертпе күйдің шебері. Дәстүрлі күй өнерінің майталманы Базаралы Жұмағұлұлы – табиғатынан дала дәстүрімен сусындап, домбырасының құлақ күйін бабасы Қожекенің кертолғау күйлерінен бастап, әйгілі Сыбанқұл, Мергенбайлардың мұңлы қоңырларына жалғастырып тараулата шертетін эпиктік қасиет иесі. Байжігіт, Тәттімбет, Тоқа, Сүгір, Бейсенбі, Әшім, Қайрақбай, Әйкен күйлерін де аса сергек сезіммен шертіп, радионың алтын қорына жазып қалдырды.

Тұсаукесерді белгілі ғалым, өнер зерттеуші Сағатбек Медеубекұлы жүргізді.

Сөз сөйлеген қонақтар: белгілі ақын, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұрлан Оразалин; өнертану докторы, профессор Саида Елеманова; Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Жаңғали Жүзбай; өнертану докторы, профессор Гүлзада Омарова;  доцент, өнертану кандидаты (PhD) Әлия Сабырова ; ҚР Мәдениет қайраткері, доцент, академик, өнертану ғылымының кандидаты Абдулхамит Райымбергенов және т.б.

Онлайн режимде сөз сөйлеген қонақ: Анкара мемлекеттік консерваториясы  музыка теориясы кафедрасының профессоры Чеик Гюрей.

Іс-шарада Базаралы Мүптекеевтің «Жетісудың оңтүстік-шығысындағы күйшілік дәстүр» атты монографиясының, «Күй шақыртқы» атты күйлер жинағы мен CD күйтабағы ҚР Ұлттық кітапханасына және қатысушы қонақтарға сыйға тартылды.

Шара аясында  ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Базаралы Мүптекеевтің шығармашылығына арналған көрме ұйымдастырылды.

Қатысушылар: белгілі фольклорист-ғалымдар, өнертанушылар, қоғам және мемлекет қайраткерлері және БАҚ өкілдері.

2a4c7550 c928 47cc a613 1bb88a72f8b4   710d7a44 dec1 453c 9878 214bd2b7156a   6277fce4 b35d 4540 a2ad 510f06ab137f
01841938 f227 451b a4a8 5360e871a08f   d0c404b8 495a 4372 a378 b9cb2da78ad9   eaea1712 3a78 453d 8ff8 5bb28fddefd6