+7 (727) 267-28-83

20-мамырда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорына «TOLAGAI-2050» ЖШС-нің бас директоры Жанысбеков Оразхан Кенжеғұлұлының демеушілігімен «Дала Дизайн» баспасынан жарық көрген тарихи, әдеби, мәдени-этнографиялық және т.б. тақырыптарды қамтитын 18 дана жаңа кітаптар сыйға түсті.

Сыйға берілген кітаптар кітап қорын толықтыруға үлкен үлес қосып отыр. Кітаптардың ішінен оқырмандардың жоғары сұранысына ие болатын:  Рахматуллаұлы Ф. «Ұлы даланың тұғырлы тұлғалары», Тәжіұлы А. «Тау тұлға Өзбекәлі Жәнібеков», Жанысбеков О.К. «Жабулы тарих жаңғырығы», Әмірбек К. «Көпен келе жатыр!...» 5 томдық жинағын атауға болады.

ҚР Ұлттық кітапханасының атынан Жанысбеков Оразхан Кенжеғұлұлына зор алғысымызды білдіре отырып, еңбегіне толағай табыс  тілейміз!