+7 (727) 267-28-83

форум

20 мамырда Н.Дәулетова атындағы залда офлайн және онлайн форматтарда «Жас дарындарды қолдау   ұлттық ұйысу кепілі»  атты республикалық шығармашыл жас дарындар форумы өтті.

Республикалық шығармашыл жас дарындардың форумы ҚР Президенті Қ. К. Тоқаевтың 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауы «Жас дарындарды қолдау - ұлттық ұйысу кепілі» тақырыбында талқыланып, пайымды пікірлер мен танымды көзқарастар ұсынылды.

Сондай-ақ, тұлғалардың пікірін тыңдай отырып, жастарымыз мемлекет басшысының Жолдауына байланысты соңғы ақпараттармен танысты.

Форумның мақсаты  – дүниежүзілік және республикалық додаларда еліміздің атын шығарып жүрген жас дарындардың есімін елге насихаттау, көрермен назарына тәрбиеге толы тәлім ұсыну.

Іс-шараны  ақын, Президент сыйлығының, «Құрмет» орденінің иегері, «Қазақ және Шалқар» радиолары Алматы филиалының жетекшісі  Бақыт Жағыпарұлы жүргізді.

Сөз сөйлеген қонақтар: ел игілігі жолында еңбек жасап жүрген, ережесіз жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы Назаров Ардақ Құттықожаұлы, Алматы обылысының маслихат депутаты,  С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Sagadat Batyr» спорт клубының негізін қалаушы, бас бапкері Орынбасаров  Нұрсұлтан  Жұмабайұлы, балалар жазушысы, әдебиет сыншысы, алаштанушы-ғалым Тоқтарбай  Елдос Нүсіпұлы, ҚР Ұлттық кітапханасының жас маманы Шархан Мұхамед-Қанапия Шарханұлы және т.б.

Шара барысында жастар қауымы өздеріне үлгі санайтын ел ағаларына көкейтесті сұрақтарын жолдап, пікірталас алаңын қыздыра түсті.

Шарада дәстүрлі әнші, ҚР Ұлттық кітапханасының қызметкері Орманбеков Таңжарық «Қазағым»  термесін орындады.

 Қатысушылар: Алматы облысының мәслихат депутаттары, танымал тұлғалар, жас кітапханашылар мен өнерпаздар, БАҚ өкілдері, спорт шеберлері және әлемдік додалардың жүлдегерлері.

форум1   форум2