+7 (727) 267-28-83

272780e1 3f1e 4fce bc24 26fc946f006f

17-19 мамыр аралығында Ақпараттық ресурстар қызметінің топ жетекшілері К.Д. Авелбекова, Э.О. Медетова және Қорды қабылдап алу, бақылау және толықтыру қызметінің жоғары дәрежелі кітапханашысы Ш.Е. Өмірбекова Қарағанды қаласының М. Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасы мамандарына Каталогизатор мектебі аясында үш күндік іс-тәжірибелік оқу дәрістерін өткізді.

ҚР Ұлттық кітапханасының мамандары курс тыңдаушыларына отандық «Web-RABIS» бағдарламасының модульдерін таныстырды.

Құжаттарды ғылыми өңдеу және оның ерекшеліктерін, отандық және шет тіліндегі мерзімді басылымдар мен жинақтардан ақпарат іріктеу және библиографиялау, библиографиялық құралдар құрастыру, Халықаралық әмбебап ондық жіктеу (ӘОЖ) жүйесін қолдану, Қазақстандық корпоративтік каталогтау орталығында (КЦКК) жұмыс жасау үдерістерімен таныстырып, кітапхана қорын толықтыру және есепке алу бойынша және т.б. әдістемелік кеңестер берді. ҚР Ұлттық кітапханасы курсқа қатысқан мамандарға сертификаттар табыстады.

«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарын өткізгені үшін ҚР Ұлттық кітапханасының ұжымына Алғыс хат табыстады.

9f9e7fae 20ec 43cb 8e64 ff2bba3a4eed   c53d2a72 0724 4aed a54d ef8f69a2af74