+7 (727) 267-28-83

IMG 9830

17 мамырда «Қазақстан кітаптары» қызметінің О. Жандосов атындағы оқу залында «Көркем сөз» клубы жұмысының аясында мектептен тыс қосымша білім беру форматында «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубымен бірлесіп, қазақтың ұлы ақыны, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұқағали Мақатаевқа арналған челлендж ұйымдастырылды.

Іс-шара «2022 жыл – Қазақстандағы балалар жылы» және «Оқитын ұлт» ұлттық жобасын жүзеге асыру аясында өтті. Сондай-ақ, ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан «Қазақ поэзиясының Хантәңірі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев шығармашылығы – қазақ поэзиясының алтын қоры. Ақынның өлеңдері мен бүкіл шығармашылығы арқылы отансүйгіштік пен  жеке  бастың  қасиеті баяндалды. Челленджге Алматы қаласындағы 1-4 сынып оқушылары мен мектеп мұғалімдері қатысып, ақынның  өлеңдерін  қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде оқыды. Оның шығармаларын оқи отырып, балалар туған жерін сүюді, қорғауды, табиғатты аялауды, туыстары мен жақындарын  бағалауды үйренеді.

Іс-шараның мақсаты – Мұқағали Мақатаев шығармашылығын өскелең ұрпақ арасында кеңінен насихаттау, шығармаларын оқу арқылы патриоттық рухты арттыру, ақын шығармашылығына деген қызығушылықты арттыру.

IMG 9795   IMG 9805