+7 (727) 267-28-83

13 мамырда директордың ақпараттық технологиялар және инновациялар жөніндегі орынбасары Н.А. Искалиева «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен іске асырылатын «Жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу» жобасы шеңберінде «Құқықтық мәдениет қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты азайтудың негізгі шарты ретінде» семинарына қатысты.

 

Семинар ұйымдастырушылары: Алматы қаласы Алмалы ауданының «Almaty-Adaldyg Alany» жобалық кеңсесі; «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалы; Еуразия технологиялық университеті.

Семинарға Еуразия технологиялық университетінің профессор-оқытушылар құрамы, әкімшілік-басқару персоналы, сондай-ақ студенттері қатысты.

Семинар модераторы «ЖАҢАРУ» РҚБ Алматы қалалық филиалы Кеңесінің мүшесі, Алматы қаласы Алмалы ауданының «Almaty-Adaldyg Alany» жобалық кеңсесінің жетекшісі М.М. Калимолдин, ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б. К. Оспановаға жемісті ынтымақтастығы және «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» ҚБ жұмысын қолдауы үшін алғыс білдірді.

Семинарда академик, ҚР БҒМ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің мүшесі, «ЖАҢАРУ» РҚБ Қоғамдық кеңесінің мүшесі Б. Б. Мамраев «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша реформалар» тақырыбы бойынша; VII шақырылған мәслихат депутаты, Алмалы ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының және «Күміс ғасыр» ҚҚ директоры А. А. Ақанова «сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» тақырыбы бойынша; Искалиева Н. А., «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріндегі еліміздің жетекші ақпараттық және білім беру орталығы – Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының рөлі» тақырыбы бойынша; Б. М. Әбдімомын, Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын түсіндіру жөніндегі азаматтық-құқықтық бөлімінің маманы сөз сөйледі.