+7 (727) 267-28-83

13мамыр

13 мамырда  Қазақстандық Кітапханалық Одақтың кеңес мүшелері еліміздің Ұлттық кітапханасында ұйымдастырылған «Дөңгелек үстел» басына жиналды.

Онда Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж.Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» республикалық референдум өткізуге байланысты әңгіме болды.

ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақтың төрағасы Б.Қ.Оспанова Қазақстан Республикасының Конституция-сына енгізілетін өзгерістерге тоқталып, оның бес мақсатын атап көрсетті.             

Іс-шараның модераторы  ҚР Ұлттық кітапханасының  ғылыми хатшысы Жүнісбеков Болат Жүнісбекұлы қатысушыларға сөз берді.

Сөз сөйлегендер: Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана директоры А.Қ. Байұзақов, ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті «Ғылым ордасы» орталық ғылыми кітапханасының директоры С.Ш.Исақанова, Қыздар ұлттық педагогикалық университеті ғылыми кітапханасының директоры Б.Т.Бағашарова, Алматы қаласы Жазушылар кітапханасының меңгерушісі Е.Ж.Ағайса және Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының қызметкері А.И.Алмабаева және т.б.                                                                                                        

Шараға  Қазақстандық Одақтың кеңес мүшелері, республикалық, қалалық кітапханалар жүйесінің директорлары мен қызметкерлері және жоғарғы оқу орындары ғылыми кітапханаларының жетекшілері қатысты.

Отырыс соңында қатысушылар Республикалық референдум өткізуді бірауыздан қолдап, осы айтулы науқанға белсенді түрде атсалысатындарын жеткізді.

280721265 4969664086464342 3165405034757165678 n   280751175 4969664046464346 8850573130812523089 n    
280942960 4969663939797690 1805607894169328543 n   280995034 4969663949797689 5030943741913339780 n