+7 (727) 267-28-83

279272739 4929303097167108 1738658566833866503 n

 28 сәуірде ҚР Ұлттық кітапханасының Үлкен залында Қазақстанның халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдығына орай еске алу кеші өтті.

Кеңестік, қазақ опера және эстрада әншісі (сопрано), Қазақстанның, Қырғызстанның және КСРО халық әртісі, Халық Қаһарманы.

1939-1941 жж. Қызылорда педагогикалық институтында оқыған. 1941 жылы өнер жолын Ташкент филармониясының әйелдер ән-би ансамблінде әнші болып бастаған. Сол ансамбльмен Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары майданда өнер көрсетіп, 1945 жылы 9 мамырда Берлиндегі жеңіске арналған концертке қатысқан.

1947-1949 жж. Қазақ опера және балет театрында жұмыс істеді. 1949 жылы ол «Әлем жастары» («Юность мира») кеңес-венгр деректі фильмінде басты рөлді сомдады.

1949-1960 жж. Қазақ филармониясының, 1960 жылдан Қазақконцерттің әншісі болып, ұлттық ән өнерін дамытуға өлшеусіз үлес қосты, ерекше сазды әншілік мектептің қалып-тасуына ықпал жасады.

2007 жылы «Атамұра» баспасынан «Айналайын халқымнан еркелеткен» атты өмірбаяндық кітабы жарық көрді. Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы «Біздің Роза» және 2006 жылы MG Production кинокомпаниясы «Ах, Самара-городок» атты деректі фильмдерін түсірді. КСРО-ның екі рет «Ленин», «Еңбек Қызыл Ту», «Халықтар достығы», «Құрмет Белгісі» ордендері мен «Жауынгерлік ерлігі үшін»; Қазақстан Республикасының «Отан» ордені мен «Шапағат», «Астана» т.б. медальдармен марапатталған. Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері. 2015 жылы Роза Бағланованың туған жері Қазалы ауданында әншінің ескерткіш-бюсті ашылды. Еліміздің «Қазақконцерт» бас концерттік ұйымына әншінің есімі беріліп, ескерткіші орнатылды.

Кешті журналист Гүлмира Нәлібай жүргізді.

Іс-шараға Роза Бағланованың продюсері Қуаныш Әбдіхалықов, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Гүлшара Есетқызы; ҚР еңбек сіңірген әртістері Гүлжамал Қазақбаева, Ұлжан Айнақұлова; әншілер: Құдайберген Бекіш, Қайрат пен Жұлдыз; Мақсат Жәутіков, Мәдина Сәдуақасова, Гүлзар Ғабдрахман және т.б. қатысты.

279159033 4929303483833736 6335451742745995207 n   279178730 4929303120500439 8462790619612389611 n   279268583 4929303350500416 5302048206864545111 n   279113842 4929303573833727 3317943464591774788 n
279278039 4929303470500404 3782950313790769952 n   279357726 4929303250500426 1494031627325178440 n   279139893 4929303227167095 6356651905669146219 n