+7 (727) 267-28-83

156465786741

«Қазақстан кітаптары» қызметінің О. Жандосов атындағы оқу залында Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Депозитарийі жанынан 1 мамыр – Қазақстан халқының  бірлігі күніне арналған «Бірлігіміз жарасқан Қазақстан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Қазақстан халықтарының бірлігі күні – шынайы патриотизмнің, өз еліне ата – бабаларымыздың жеріне деген адалдықтың және қамқор махаббаттың мерекесі. Бұл мерекелік шара елімізде тұрып жатқан барлық ұлт өкілдерінің татулық пен келісімде болуының көрінісі.

Халықтың бірлігі бүкіл адамзат  тарихында  кез-келген елдің ең үлкен игілігі болған.

Қазақстан –  150-ден астам ұлттар мен ұлыстар бейбітшілік пен келісімде өмір сүретін көпұлтты мемлекет. Қазақстан халқы барлық ұлттар мен этностық топтардың мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне өзара түсіністікпен құрмет көрсете отырып, бейбітшілікте өмір сүреді. Қазақстан халқының бірлігі мерекесі байланыстарды нығайтуға, түрлі этнос өкілдерімен ашық диалог орнатуға, елде тұратын ұлттардың жетістіктерін көрсетуге негізделген.  

Осы мерекелік күнде өткізілетін барлық іс-шаралардың басты мақсаты - Қазақстан халқының бірлігін көрсету: мерекелік шерулер, жәрмеңкелер, спорт жарыстары, байқаулар, фестивальдар, мәдени орталықтар өкілдерінің сөз сөйлеуі, этномәдени көрмелердің көрсетілімі, театрландырылған қойылымдар және эстрада әншілері мен музыканттардың қойылымдары.  Мейрамның ең жарқын сәті – түрлі ұлттардың киім-кешек, дәстүрлі ыдыс-аяқ, әшекей бұйымдары ұсынылған этномәдени көрме болып табылады.Сонымен қатар,  ұлттық тағамдардан дәм татуға болады. Еліміздегі мұражайлар мен кітапханаларда мерекеге және Қазақстанда тұратын халықтарға арналған көрмелер ұйымдастырылады. Мереке өзге ұлттардың дәстүрлері мен мәдениетін ғана емес, сонымен қатар  ұлттың біртұтастығын нығайтуға бағытталған.

 «Бірлігіміз жарасқан Қазақстан» кітап көрмесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорынан Қазақстанда тұратын барлық этностардың тарихы мен қазіргі өмірін, мәдениетін, дәстүрлерін және өнерін бейнелейтін материалдар ұсынылған.

            Кітап көрмесіне шақырамыз!