+7 (727) 267-28-83

1564446f 65d2 4178 a48d 05ea5cd544c8

27 сәуірінде Н. Дәулетова атындағы залда ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Кәрімбек Құрманәлиевтің мерейтойына орайластырылған «ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ» атты дөңгелек үстел және «Қазақ тіліндегі сөзжасамдық ұя: теория және практика» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Ұйымдастырушылар: ҚР Ұлттық ғылым академиясы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты және Қайнар академиясы, ҚР Ұлттық кітапханасы.

Іс-шара модераторы – Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ф.ғ.к. Анар Фазылжан. Шараны ҚР Ұлттық кітапханасының Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің маманы Қарабаев Құрмет ашты.

Шарада ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті, академик, х.ғ.д., профессор Мұрат Жұрынұлы Жұрынов пен Алматы қаласы мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Алиев Данияр Абзалиденұлы құттықтау сөз сөйледі.

Баяндамашылар: ҚР ҰҒА академигі, ф.ғ.д., профессор, А.Байтұрсын-ұлы атн.  ТБИ бас ғылыми қызметкері З.М. Базарбаева, ҚР ҰҒА академигі, ф.ғ.д., профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының вице-президенті К.А. Құрманәлиев,  ҚР ҰҒА академигі, ф.ғ.д., профессор, Астана халықаралық қаржы орталығы департамент директорының орынбасары  Ш.Құрманбайұлы, ф.ғ.д., әл-Фараби атн. ҚазҰУ профессоры, А.Байтұрсынұлы атн. Қазақ тіл білімі кафедрасының меңгерушісі A.Б. Салқынбай, п.ғ.д., Абай атн. ҚазҰПУ профессоры Ж.Қ. Балтабаева және т.б.

Шарада А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты дайындаған академик К.А. Құрманәлиев туралы бейнеролик көрсетілді.

ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Кәрімбек Құрманәлиевтің өмірі мен шығармашылығына арналған кітап және мерзімді басылымдар көрмесі ұйымдастырылды.

6573bf08 64f7 43ba b04d 2b401db29b4d   732c719a 1897 4786 b94d 82fad31ad57b
92566c5e 4727 40a8 8605 96508af2bf1f   1137573d ac72 48f9 9351 7dc8efa70b90