+7 (727) 267-28-83

көрме

26 сәуірде Н.Дәулетова атындағы залда  жазушы, журналист, ұстаз Айзат Рақыштың шығармашылығына арналған «Балалықтың соңғы күзі», «Жанарымнан танышы» атты прозалық кітаптарының тұсаукесері өтті.

Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы,  Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Жүнісбеков Болат Жүнісбекұлы ашып, ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Ғалым Қалибекұлы жүргізді.

Шарада №201 мектеп-гимназиясының оқушылары Айзат Рақыштың әңгімелерінен үзінді оқыды.

Сөз сөйлеген қонақтар: жазушы, қоғам қайраткері,Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әлібек Асқар,  жазушы-журналист, «Qazaqstan dauiri» газетінің бас редакторы  Ертай Айғалиұлы, жазушы-журналист, Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты,  «Жұлдыз» журналының  бас редакторы Мереке Құлкенов, жазушы, филология  ғылымдарының докторы Нұрдәулет Ақыш, ақын, публицист, Халықаралық ЮНЕСКО сыйлығының иегері Жұмаш Кенебай, әдебиет сыншысы Әмірхан Меңдеке, №201 мектеп-гимназиясының  ұстазы Меруерт Дүйсенқызы және т.б.

Шара барысында жаңа кітаптар ҚР Ұлттық кітапханасының қорына табысталып, тұсаукесерге  қатысушы қонақтарға  сыйға тартылды.

ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан ақын, жазушы Айзат Рақыштың шығармашылығына арналған мерзімді басылымдар көрмесі ұйымдас-тырылды.

Іс-шараға зиялы қауым, әдебиеттанушылар мен БАҚ өкілдері, №201 мектеп-гимназиясының  ұстаздары мен шәкірттері  қатысты. 

көрме1   көрме2   көрме3
көрме4   көрме5   көрме6