+7 (727) 267-28-83

ауезов

22 сәуірде Н.Дәулетова атындағы залда кітап мерекесі аясында қазақтың ұлы жазушысы М.О.Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай «Мұхтар Әуезовтің мұрасы және отаншылдық рухы» атты әдеби кеш өтті.

Мақсаты — әлем таныған ұлы жазушының шығармашылығын талдау, өскелең ұрпаққа насихаттау.

Әдеби кеш бағдарламасында жазушы,  Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты  Б.Жүнісбеков, филология  ғылымдарының кандидаты, Ж. Жабаев атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты Н.Ақыш, кәсіби журналист-жазушы К.Адырбекұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор Г.Пірәлиева, «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының аға ғылыми қызметкері С.Көлбайқызы және М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының актерлары ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері А.Боранбай, Ш. Асқарова және режиссер А.Оспанбаева сөз сөйледі. Іс-шарада Еңбекшіқазақ ауданы Қойшыбек  орта мектебінің ұстаздары Г.Алпысбаева мен Ж.Смағұлованың  шәкірттері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының  3 курс студенттері Н.Ұзақбай мен Т.Мұханбетжан өз өнерлерін көрсетті.

Іс-шара барысында М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы жайлы бейнебаян, «Көксерек»  фильмінен үзінді көрсетілді, жазушының жанды дауысы тыңдалып, сұрақ-жауап ретінде өнер қайраткерлерінің өздері сомдаған рөлдерінің қойылымдарынан естеліктер айтылды. Абайдың «Қараңғы түнде тау қалғып», «Татьянаның хаты» әндерімен кеш аяқталды.

Кеш соңында ҚР Ұлттық кітапханасы директоры Б. Оспанова іс-шара қатысушылары мен әртістерге жазушылардың қолтаңбасы бар кітаптарды сыйға тартып, Алғыс хаттармен марапаттады.

Кеш қатысушылары: Алматы қаласының ЖОО, колледж студенттері және оқытушылары, мектеп мұғалімдері мен оқушылары.

ауезов2   ауезов1   ауезов3
ауезов4   ауезов6   ауезов5
ауезов7   ауезов8   ауезов9