+7 (727) 267-28-83

сбо

22 сәуірде Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында жарияланған Балалар жылы және Балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы аясында әлемнің 100-ден аса елінде жыл сайын 23 сәуірде атап өтілетін Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған «KITAP SHOY - 2022» мерекелік іс-шарасы өтті. 

Мереке барлығына жаһандану және жаңа технологиялар ғасырында кітап  әлі де жетекші орынға ие екенін және оқу адамға үлкен ләззат сыйлайтынын еске салуға шақырады.

Іс-шара барысында Анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсету қызметінде «Трансформа» мәдени кеңістігі және Impact Hub Almaty ұйымдастырған «Тереңдетілген тоқыма қурсы» атты иммерсивті аудиоқойылым болды.

«Тереңдетілген тоқыма қурсы» - бұл адамның жалғыздығы, махаббаты мен ерлігі туралы хикая. Көрермен жалғыз ғарышкердің тіршілік іздері сақталған, қараусыз қалған ғарыш кемесіне түседі. Оның тарихын сезінеді, өмірінің іздерін көреді, оған қымбат болған нәрселерге қолын тигізеді, ғарыш кемесін зерттей отырып, ашық ғарышқа аттанады. Қойылымда актерлар болмады. Ондағы басты кейіпкерлер – көрермендер.

Қойылымға 60-тан астам адам қатысты. Қатысушылар жаңа креативтік иммерсивті қойылымға ризашылығын білдірді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы «Трансформа» мәдени кеңістігі және Impact Hub Almaty ұжымына шығармашылық табыстар тілеп, алғыс хат пен кітаптар табыстады.

сбо1   сбо2