+7 (727) 267-28-83

өнер

22 сәуірде Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Қазақстанда жарияланған Балалар жылы және Балалар мен жасөспірімдер оқуын қолдау жылы аясында атап өтілетін Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған «Ситуативный казахский» авторлық әдістемесі бойынша қазақ тілін оқыту ерекшеліктері тақырыбында «Мәміле» клубының отырысы өтті. Клуб отырысын қазақ тілінің репетиторы Фарида Асанова жүргізді.

Қазақ тілін үйренуге ниет білдірген орыс тілді аудитория, отырысқа  қатысушылар қоғамды толғандыратын түрлі мәселелер бойынша еркін әңгімелесу түрінде өзара пікір алмасты.

Сөз сөйлегендер: Маруана Хамзақызы – жазушы, Жуаспаева Гүлнар – адвокат, Баймұханов Бауыржан – кәсіпкер, Пахрдинова Аделя – шаштараз және т. б.

өнер1   өнер2   өнер3