+7 (727) 267-28-83

мир

22 сәуірде Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған «KITAP SHOY - 2022» мерекелік іс-шараcы аясында Қазақстан Гете-Институты балаларға арналған интерактивті ертегі мен квест өткізді.

Экранда неміс жазушылары Ағайынды Гриммдердің «Қызыл телпек» ертегісі жылжымалы суреттер арқылы көрсетілді. Сонымен қатар, Қазақстан Гёте-Институты ақпараттық  және кітапхана бөлімнің меңгерушісі Ш.Е. Қызайбаева және кітапханашы С.Аширова қазақ тілінде ертегі айтты.

М.Мақатаев атындағы №140 мектеп-гимназиясының 3-сынып оқушылары арасында Квест – «Пасха қояны» ойыны өткізілді.

Әлем әдебиеті қызметінің қызметкерлері «ҚР Ұлттық кітапханасы қорындағы неміс кітаптарының топтамасы» атты виртуалды кітап көрмесін ұсынды. Библиографиялық шолу жүргізген жас маман − А. Алқамбай. 

Іс-шараға Алматы қаласының бастауыш сынып оқушылары қатысты. Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры  Б.Қ.Оспанова әрбір қатысушыға кітаптар және Қазақстан Гёте-Институтының директоры Фридерике ван Степхаудт ханымға, ақпарат және кітапхана бөлімінің меңгерушісі Ш.Қызайбаеваға алғыс хаттар табыстады.

мир1   мир2   мир3
мир4   мир5   мир6