+7 (727) 267-28-83

казахстаника

Р.Бердіғалиева атындағы кітапханатану залында Қазақстанда жарияланған Балалар жылы және Балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы, сондай-ақ Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған «KITAP SHOY-2022» мерекелік іс-шарасы аясында Қазақстанның халық жазушысы Ә.Нұршайықовтың 100 жылдығына арналған «Махаббат, қызық мол жылдар» романының кейіпкерлер әлемі» атты дөңгелек үстел өтіп, Ә.Нұршайықов стипендиясына арналған Байқау қорытындысы шығарылды.

Іс-шараның мақсаты – жазушы шығармашылығын кеңінен насихаттау, жастардың шығармашылық әлеуетін ашуға ықпал ету және өскелең ұрпақты кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеу. Ә.Нұршайықов негізінен махаббат пен достық, отансүйгіштік пен адамгершілік туралы жазған.

Қазақ жастарының сүйікті кітабына айналған «Махаббат, қызық мол жылдар» атты романы өткен ғасырдың 70-ші жылдарындағы солдат Ербол мен оның сүйіктісі, жоғары оқу орнындағы студент Меңтайдың соғыстан кейінгі жылдардағы махаббат хикаясын баяндайды.

Іс-шара модераторы – филология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің доценті Г.Мусаева. Жазушының қызы, филология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры Нұршайықова Жанар кіріспе сөз сөйледі. Дөңгелек үстелге қатысушылар үшін соғыста болған екі кітап: М.Әуезовтің «Абай жолы» және Ә.Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романдары туралы әнгіме ерекше және есте қаларлық болды.

Іс-шараның модераторы Г. Мусаева осы екі оқиға желісін қатар өрбітіп отырды, ал ауған соғысының ардагері  К.Пірмашов осы кітапқа байланысты Ауғанстанда өзімен  және досымен болған  оқиғалар туралы айтып берді. Студенттер жазушы Ә.Нұршайықовтың 100 жылдығына арналған «Махаббат, қызық мол жылдар» романынан үзінді қойды. Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жастар театрында жас талантты режиссер Ф.Молдағұлдың «Махаббат, қызық мол жылдар» қойылымы туралы өз әсерлерімен бөлісті. Іс-шара соңында 2022 жылғы байқаудың қорытындысы шығарылды. Байқаудан тыс, жазушының мемориалдық кабинетіне орналастырылған, белгілі қазақстандық суретшілер М.С. Аманбаев пен Р. Р. Сүлейменовтің тамаша туындылары  таныстырылды.

ҚР Ұлттық кітапханасы ұйымдастырған Кітап жәрмеңкесінде Қазақстанның халық жазушысы Ә.Нұршайықовтың танымал және танымал емес кітаптарын сатып алуға  мүмкіндік болды.

Іс-шараға Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттері, оқытушылары және байқауға қатысушылар қатысты.

казахстаника1   казахстаника2   казахстаника3