+7 (727) 267-28-83

миравой

22 сәуірде Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Қазақстанда жарияланған Балалар жылы және Балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы аясында әлемнің 100-ден астам елінде жыл сайын 23 сәуірде аталып өтілетін Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған «KITAP SHOYʼ-2022» мерекелік іс-шарасы өтті.

Іс-шара аясында Әлем әдебиеті оқу залында Қазақстан Республикасындағы  Ресей Ынтымақтастық  өкілділігінің қолдауымен   актриса, режиссер, Қазақстанда «Artiшок» (2001-2014)  театрының негізін қалаушы және бас менеджері, сценарист, «БАТА» театрының көркемдік жетекшісі коуч  Вероника Насальскаямен «Көпшілік алдында сөз сөйлеу өнері: көпшілік пен камера алдындағы еркіндік және сенімділік» экспресс-тренингі өтті.

Бұл авторлық шеберхана кез-келген формат үшін әмбебап болып табылатын тиімді шешендік дағдыларды қалыптастырады. Тренинг халықаралық кәсіби шешендік өнер мен актерлік мектептердің бірегей синтезіне негізделген. Вероника Насальская тренинг барысында  қатысушыларға көпшілік алдында сөз сөйлеуде  туындауы мүмкін жағдайларда өздеріне сенімді  болуға көмектесетін жаттығуларды орындап,  өзінің актерлік шеберлігімен бөлісті.      

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы шараны жүргізгені үшін Вероника Насальскаяны алғыс хатпен   марапаттап кітаптар табыстады.

миравой1   миравой2   миравой3