+7 (727) 267-28-83

 DSC0274

22 сәуірде ҚР Ұлттық кітапханасының Үлкен залында 23 сәуірде атап өтілетін Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған «KITAP SHOY – 2022»  мерекелік іс-шарасы аясында  «Іскер ұрпақ – Ел тірегі» атты мотивациялық кездесу өтті.

Кеш қонақтары: танымал әнші, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Бағлан Әбдірайымов, кәсіпкер Жанас  Әділбайұлы, жекпе-жектен жастар арасында әлем чемпионы, әскери самбо бойынша Қазақстан чемпионы Сырым  Бектұрсын, Азия чемпионы, әлем жүлдегері  Ақбар Жармағамбетов.

Кешті Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің маманы Қарабаев Құрмет жүргізді.

Іс-шара аясында жастарға арналған кездесу сұрақ-жауап форматында өтті. Белгілі жас кәсіпкерлер, спортшылар мен әртістер өздерінің өмірлік және еңбек жетістіктерімен, жалпы адамзаттық құндылықтармен бөлісті.

Шара барысында ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б.Қ. Оспанова, директордың кітапханалық жұмыстар жөніндегі орынбасары А.Х. Юсупова қонақтарға Алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етті.

Қатысушылар: ұстаздар, студенттер, мектеп оқушылары, жас кәсіп-керлер,  кітапханашылар және БАҚ өкілдері.

 DSC0280    DSC0272    DSC0373