+7 (727) 267-28-83

А.К

19 сәуірде ҚР Ұлттық кітапханасы Ғылыми-әдістемелік қызметінің маманы, т.ғ.к. А.Л. Кривков «Кітапханатану, библиографтану және кітаптану бойынша ғылыми журналдар: тарихы, болмысы, келешегі («Кітапханатану» журналының 70 жылдығына орай)» атты дөңгелек үстел жұмысына қатысты.

Дөңгелек үстел 2022 жылғы 19-21 сәуір аралығында Ресей мемлекеттік кітапханасы (Мәскеу қ.) ұйымдастыратын жылсайынғы «Румянцев оқулары – 2022» Халықаралық конференциясы аясында өтті. Л.А.Кривков «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасындағы кітапхана ісі бойынша мерзімді басылымдар. 1993-2022 жж.» тақырыбында хабарлама жасады.

Сөз сөйлеу барысында автор негізгі кезеңдерге тоқталып, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы баспа қызметінің көпжылдық қызметін атап өтті. Баспа қызметінің маңызды бөлігі 1990-шы жылдары – 2000-шы жылдардың басында кітапхана ісі мәселелеріне арналған журналдарды құру болды. «Кітапхана», «Ұлттық кітапхана», «Кітап және Кітапхана» журналдарындағы жарияланымдардың құрылымы мен негізгі бағыттары қаралды.