+7 (727) 267-28-83

1111111111111

16 сәуірде Н. Дәулетова атындағы залда ҚР Мәжіліс депутаттары, зиялы қауым өкілдері, тіл саласының мамандары, педагогтар, қоғам белсенділері мен журналистердің қатысуымен «Аралас мектеп қазақты қайда апарады?!» атты дөңгелек үстел өтті. 

 

Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы,  Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Жүнісбеков Болат Жүнісбекұлы ашып, ақын Тоқтарәлі Таңжарық жүргізді.

Сөз сөйлеген қонақтар: ақын, ҚР Мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса, ұлт жанашыры Бекзәкір Құралбаев,  ақын Қамнұр Тәлім, қоғам қайраткері Амалбек Тышан, тарихшы, академик Мәмбет Қойгелді, саясаттанушы Дос Көшім, қоғам белсендісі  Руза Бейсенбайтегі, актер, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Тұңғышбай Жаманқұлов, журналист, жазушы Марат Тоқашбай, жазушы Әшірбек Көпішев, жазушы Бақтыбай Айнабеков, жазушы Қайым-Мұнар Табеев және т.б.     

Қатысушылар: мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, өнер қайраткерлері, педагогтар және БАҚ өкілдері.

1654841   145484