+7 (727) 267-28-83

278628072 4895550700542348 7719561284543498537 n

15 сәуірде Н. Дәулетова атындағы залда белгілі жазушы, этнограф, баспагер Зейнолла Сәніктің шығармашылығына арналған «Дәнекер тұлға», «Халық мұрасының жанашыры» кітаптарының таныстырылымы және республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы,  Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Жүнісбеков Болат Жүнісбекұлы ашып, «Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қорының» қызметкері, журналист Жарқын Сәленұлы жүргізді.

Сөз сөйлеген қонақтар: Қазақстан Жазушылар Одағының басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулет, ақын, ұстаз, «Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қорының» президенті Шәмшабану Хамзақызы, Шығыстану институтының директоры, ф,ғ.д, профессор Дүкен Мәсімханұлы.

Лента қию рәсімі: Ұлықбек Есдәулет, Ахмет Тоқтабай, Сайлау Қожағұл,  Хамза Шәмшабану, Дүкен Мәсімханұлы, Серік Қалиев.

Ғылыми конференцияның баяндамашылары: т.ғ.д, профессор Ахмет Тоқтабай, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері Гүлжаһан Орда, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің профессоры,  ф.ғ.к  Сайлау Қожағұл Қажыбекұлы, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының фольклортану бөлімінің аға ғылыми қызметкері, фольклортанушы Дүйсенгүл Жаһан, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің «Рухани жаңғыру» және тәрбие бөлімінің басшысы, т.ғ.к, доцент Қайрат Анарбаев, ф.ғ.к, профессор, Шойбекова Ғазиза Бейсенбекқызы, ф.ғ.к, доцент, профессор Тулекова Гүлжан Қажымұратқызы, ф.ғ.к, Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының доценті Серікзат Дүйсенғазы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің 2-курс магистранты Аружан Мұханбетқали, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің 3-курс студенті Асанұлы Жоламан, Шәкәрім университетінің 3-курс студенттері Оразханова Бибі және Мулькбаева Ақерке.

Шара барысында ҚР Ұлттық кітапханасының қорына жаңа кітаптар табысталып, тұсаукесерге  қатысушы қонақтарға да сыйға тартылды.

Қатысушылар: Елорда, Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Шымкент, Семей, Талдықорған т.б өңірлерден әдебиетттанушылар, әдеби-ғылыми институт басшылары мен қызметкерлері,  жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлары, жас зерттеушілер, зиялы қауым және БАҚ өкілдері, студенттер мен магистрлер.

278639892 4895550930542325 8453842357837060580 n   278618698 4895551180542300 1741617514041361714 n   278586249 4895550810542337 1999179949784040589 n