+7 (727) 267-28-83

image 15 04 22 01 57 3

4-15 сәуір аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы жанындағы Жазба құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру мектебінде С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті (ҚазҰМУ) ғылыми кітапханасының түптеушісі Афанасьева И.К. біліктілікті арттыру курсынан өтті.

Құжаттарды ғылыми консервациялау зертханасында кітапхана қорларының ұзақ уақыт сақталуы жайында теориялық және тәжірибелік білім берілді. Қалпына келтіру және түптеу секторында кітаптарды жөндеу және қалпына келтіру бойынша тәжірибелік дағдыларды меңгерді. Тәжірибелік жұмыстар барысында маман қалпына келтіру үдерістерінің жаңа технологияларымен, материалдармен және құралдармен таныстырылды.

Құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру бойынша курс соңында И. К. Афанасьеваға сертификат берілді.

image 15 04 22 01 57 2   image 15 04 22 01 57 27