+7 (727) 267-28-83

277810408 4880490042048414 5726700000940610615 n

9 сәуірде Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Дін және дәстүр» залының салтанатты ашылуы өтті.

Ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы.

«Дін мен дәстүр» залының ашылу мақсаты – ұлттық болмыс пен руханияттың кеңістігін ұлғайту. Ұлт жадынан жоғала бастаған ұлы имани құндылықтарымызды қайта жаңғырту. Ұлттық таным бедері мен әдет-ғұрыптардың мұсылманшылықпен сабақтастығын саралап, өскелең ұрпақтың сара жолына бағыттау. Сонымен қатар, бағзы замандардың алтын тақтасына баһадүр бабаларымыз салып кеткен күрең жолдарды тарих қойнауынан аршып алып, ұлттық табиғатымызбен сабақтас тал бойымызға тән шариғи танымдық мектебімізді тұғырлап, асыл дүниелерімізді жауһар жырларымызды жарыққа шығару, үзілгенімізді жалғап, жоғалтқанымызды түгендеу.

Іс-шараны ақын, Президент сыйлығының иегері, «Құрмет» орденінің иегері, «Қазақ және Шалқар» радиолары Алматы филиалының жетекшісі  Бақыт Жағыпарұлы жүргізді.

Сөз сөйлеген қонақтар: ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, жазушы, кинодраматург, Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Елубай Смағұл Абатұлы.

Лента кесу рәсіміне қатысқандар: Наурызбай қажы Тағанұлы, Смағұл Абатұлы, Бақытжамал Қайырбекқызы.    

Залды ашу салтанатында әжелер шашу шашып, Бас мүфти  Наурызбай қажы Тағанұлы балаға тұсау кесу рәсімін жасады.

277811790 4880490428715042 73967811063487273 n   277814162 4880490082048410 8214230533855380742 n   278062148 4880490882048330 2004788404459264326 n   278062605 4880490205381731 3403835239697662833 n
278176834 4880491018714983 1969401342656149780 n   278062148 4880490882048330 2004788404459264326 n   278079873 4880490242048394 7272013503037249313 n   278060441 4880490908714994 8268767055906216298 n