+7 (727) 267-28-83

ифла

6 сәуірде Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы және Орталық Азия бойынша ИФЛА/ПАК аймақтық орталығы Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан Ұлттық кітапханаларының және құжаттық жазба мұраны сақтау және консервациялаумен айналысатын ұйымдардың, атап айтқанда Қырғыз Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының Ш. Айтматов атындағы Тіл және әдебиет институты, Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясының Әбу Райхон Беруни атындағы Шығыстану институты және Түркіменстан Ғылым Академиясының Махтумкули атындағы Тіл, әдебиет және Ұлттық қолжазбалар институтының өкілдерінің қатысуымен онлайн форматта кезекті отырыс өткізді.

ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық кітапханалық одағының (ҚКО) төрайымы, Орталық Азия бойынша ИФЛА/ПАК аймақтық орталығының директоры Б.К.Оспанова құттықтау сөз сөйледі.

Отырыстың күн тәртібіне сәйкес, раритеттерді ұзақ уақыт сақтау ісінде білім мен ақпаратты тарату бойынша одан әрі бірлескен жұмыстарды жүргізу, жаңа ұйымдармен келісім - шарттар жасасу мәселелері талқыланды. Мәскеу қаласында өткен «Құжаттарды қалпына келтіру: консерватизм және инновациялар-2022» VI Халықаралық ғылыми - тәжірибелік семинарына әзірленген Қалпына келтіру, консервация және түптеу қызметінің реставратор – маманы М.Д. Өскембаеваның «ҚР Ұлттық кітапханасындағы кітаптарды қалпына келтіру және түптеу» бейне баяндамасы көрсетілді.

Отырыс қорытындысы бойынша құжаттық жазба мұраны сақтау және қалпына келтіру туралы білімді тарату мақсатында жаңа ұйымдармен келісімдер жасау және бірлескен іс-шаралар өткізу туралы шешім қабылданды.

278042695 4874329035997848 2447764861511063639 n   277808436 4874328925997859 7493772866363538312 n