+7 (727) 267-28-83

 DSC0490Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті арасындағы келісім шарт негізінде 2022 жылғы 24 қаңтар - 2 сәуір аралығында «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша 4 курс студенттері оқу жоспарына сәйкес өндірістік тәжірибеден өтті.

2022 жылғы 1 сәуірде студенттер кәсіби өндірістік тәжірибесін қорғап, үздік нәтижелерге қол жеткізді.

Тәжірибенің мақсаты: студенттердің алған теориялық және тәжірибелік білімдерін ұштастыру, жеке тұлғаның болашақ кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру. Тәжірибелік дайындықтың негізгі міндеті студенттердің кітап қорын толықтыру, есепке алу, каталогтарды ұйымдастыру, оқырмандарға қызмет көрсету үшін библиографиялық құралдарды пайдалану, негізгі өндірістік үдерістерді орындау тәжірибесін және автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйелерде құжаттарды өңдеу дағдыларын алу және кітапхана пайдаланушыларына сапалы ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсету туралы теориялық білімдерін бекіту болды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы сөз сөйлеп, студенттерге ізгі тілегін жеткізді. Қызмет басшылары жұмыс орындарында кәсіби міндеттерін жауапкершілікпен орындаған тәжірибеден өтушілерге жоғары баға берді. Студенттер өздерінің тәжірибеден өту барысы туралы дайындаған слайдтарын көрсетіп, кітапхана жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстары мен пікірлерін білдірді. Директордың кітапхана ісі жөніндегі орынбасары Юсупова Ажар Хамитқызы студенттерге тілек білдіріп, ұсынылған жаңашылдықтар туралы сұрақтарға жауап берді.

222    DSC0489    DSC0498