+7 (727) 267-28-83

320 24025 наурызда Н. Дәулетова атындағы залда белгілі ғалым, биология ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі Мұрат Құрмашұлы Гильмановтың өмірі мен қызметіне арналып, «Өнегелі өмір» сериясы бойынша жарыққа шыққан кітаптың кезекті томының тұсаукесері өтті.

Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Жүнісбеков Болат Жүнісбекұлы ашты. Шараны қоғам қайраткері Аспандиярова Маржан Хасенқызы және биология ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Биотехнология кафедрасының доценті Ережепов Әділ Ережепұлы жүргізді.

Сөз сөйлеген қонақтар: мәдениеттанушы, қоғам және мемлекет қайраткері М. Әуез; химия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі З. Мансуров; ҚР ҰҒА академигі, биология ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Генетика кафедрасының профессоры А.Бегалиев; О. Дильмухамедов, сәулет ғылымдарының кандидаты, профессор, ҚР Журналистер оддағының мүшесі Т. Сейітқалиұлы; белгілі тарихшы М. Сембин; биология ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындғы ҚазҰУ, Биотехника кафедрасының меңгерушісі А. Кистаубаева; сонымен қатар ҚР еңбек сіңірген энергетигі, Е. Ерекешев, медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик Ж. Абылайұлы; биология ғылымдарының докторы, профессор Т. Шалахметова; белгілі қоғам қайраткері Р. Сәрсенбайұлы және т.б. Сөз соңын М. Гильмановтың жары Л. Идишева қорытындылады.

Іс-шарада ҚР Ұлттық кітапхананың қорына жаңа кітап сыйға тартылды және  қатысушыларға табысталды.

Қатысушылар: Қазақстан Республикасының белгілі ғылым және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, оқытушылар мен студенттер.

277217196 4841573435940075 358322885540694287 n   277360828 4841573369273415 1707361664067361294 n