+7 (727) 267-28-83

0cfbdfd7 5c71 4cf3 93cd 449738d1a726

Әлем әдебиеті оқу залында «Қазіргі шетелдік бестселлерлер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты - оқырмандарды ҚР Ұлттық кітапханасының қорына соңғы үш жылда келіп түскен әлемдік авторлардың жаңа көркем шығармаларымен таныстыру, кітап қорының байлығын ашу, оқырмандардың назарын аудару, шетелдердің ең жақсы бестселлерлерін көрсету жолымен оқырмандардың қазіргі әдебиеттерді оқуға деген қызығушылығын ояту.

Көрмеге көптеген әлем елдерінің көркем әдебиеттері ұсынылған: американдық (Дэн Браун «Код да Винчи», «Точка обмана»; Гэри Дженингс «Ацтек», «Путешественник»; Чак Паланик «Снафф»); ағылшындық (Джоан Роулинг «Гарри Поттер и проклятое дитя», «Гарри Поттер и принц-полукровка», Тартт Донна «Щегол», Нгуен Вьет Тхань «Сочувствующий», Маккалоу Дэвид «Братья Райт люди, которые научили мир летать», Хантер Стивен «Стрелок», Коллиниз Сьюзен «Голодные игры. И вспыхнет пламя. Сойка – пересмешница», Джон Грин «Виноваты звезды», «Бумажные города», Дэн Браун «Происхождение», Кейн Рейчел «Волчья река», «Победитель остается один», Джоджо Мойес «До встречи с тобой»); бразиялық (Пауло Коэльо «Алхимик», «Заир»); испандық («Гарсиа Маркес «Любовь во время чумы»); итальяндық (Умберто Эко «Полный назад»); корейлік («История фазана», «Лисий перевал»); немістің (Франц Кафка «Пропавший без вести», «Дневники»); түріктік (Орхан Памук «Снег», «Черная книга»); польяктық (Януш Леон Вишневский "Одиночество в сети"; ресейлік (Акунин Борис «Любовник смерти»; Иличевский Александр «Матисс», Кучерская Майя «Плач по уехавшей учительнице рисования», Шашкин Михаил «Письмовник», Елинек Эльфрида «Посох, палка и палач», Рубанов Андрей Викторович «Патриот»; Донцова Дарья «Контрольный поцелуй», «Камин для Снегурочки»; Маринина Александра «Личные мотивы», «Жизнь после жизни»; Пелевин Виктор «Синий фонарь», «Бэтман Аполло», Андрей Рубанов «Финист Ясный Сокол», Гузель Яхина «Зулейха открывает глаза»); француздық (Анри Труайя «Бодлер», «Александр Пушкин», Леметр Пьер «До свидания там наверху»); жапондық (Харуки Мураками «Норвежский лес») және т.б.

Оқырмандарға ұсынылған көрмедегі шығармалар – бұл кітап саудасының жыл кітабы болып танылған көшбасшылары, түрлі әдеби сыйлықтардың лауреаттары (әдебиет бойынша Нобель сыйлығы, Нейштадтық әдеби сыйлық, Букер, Пулитцер, Гонкур сыйлықтары және т.б.) «Үлкен кітап» ұлттық бестселлерлері және т.б. әлемдегі әдеби сыйлықтар, экранға шығарылған туындылар.

Кітап көрмесіне Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорынан көптеген әлем елдері авторларының жүзден астам шығармаларының орыс тіліндегі аудармалары ұсынылған

 Көрме «Әлем әдебиеті» оқу залы оқырмандарының сұранысы бойынша ұйымдастырылды.