+7 (727) 267-28-83

111

17 наурызда Н.Дәулетова атындағы залда айтулы өнер иесі, күйші Дина Нұрпейісованың туғанына 160 жыл толуына орай жарық көрген «Дина Нұрпейісова түркі әлемінің ұлы композиторы» атты қазақ-орыс, түрік-ағылшын тілдерінде жарық көрген кітаптың тұсаукесері өтті.

Дәулескер күйшінің тұлғасын халықаралық деңгейде танытуға бағытталған Халықаралық зерттеу жобасы Атырау облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының облыстық ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығының тапсырысы бойынша шығарылды.

ҚР еңбек сіңірген әртісі, күйші Айгүл Үлкенбаеваның жетекшілігімен жүзеге асырылған жоба аясында еліміздің мұрағаттарымен қатар, Өзбекстан, Ресей мемлекеттік архивтеріне іссапарлар жасалды. Динаның өміріне қатысты қызықты мағлұматтар жинақталып, жүйеленіп, алғаш рет жарияланып отыр.

Кітапта Динаның орындауындағы Құрманғазы, Дәулеткерей, Мәмен және өзінің күйлері заман талабына сәйкес форматта – QR-кодымен және электронды нұсқасымен ұсынылды.

Шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан «Күй анасы Дина» атты көрме ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелді өнертану ғылымдарының кандидаты, музыкатанушы Бақыт Тұрмағамбетова жүргізді.

Сөз сөйлегендер: А. Үлкенбаева, күйші; М. Құлкенов, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары; А. Жүдебаев, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры; Е.Тұрғынов, Еуразия ғылыми-зерттеу институтының қызметкері; С.Өтеғалиева, Т.Тоғжанов, Құрманғазы атындағы консерваториясының профессорлары; М.Райымбекұлы, ақын; С.Мадиев, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Журналистика» факультетінің деканы және АҚШ және Түркия консулдығының өкілдері қатысты.

276318504 4823535664410519 8934572088545039845 n   276064605 4823535681077184 5778722083627565345 n   276032803 4823535464410539 7454811119293252844 n
276169709 4823535404410545 6490352913432995561 n   276071835 4823535594410526 7399234868398546264 n   276245423 4823535754410510 7694492581060629547 n