+7 (727) 267-28-83

2018 жылғы 23 қараша сағат 14.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Кітапханатану залында Қазақстанның халық жазушысы Ә.Нұршайықов атындағы шәкіртақы тағайындау үшін студент жастар мен жоғарғы сынып оқушылары арасында жыл сайын өтетін «Әлем және адам» шығармашылық байқауының қорытындысы шығады.

Кітапханатану залында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы Қазақстан халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби кеш өткізеді, кеште автордың ең үздік шығармалары ұсынылады. Іс-шараның екінші бөлімі жыл сайынғы студенттік жастардың «Әлем және адам» әдеби шығармашылық байқауының қорытындысын шығаруға арналады.

Байқаудың мақсаты - жастар арасында кітап оқуды насихаттау, шығармашылық әлеуетті дамыту және қолдау. Жүлделі орындарды иеленген жеңімпаздарға жазушының атындағы стипендия тапсырылады. Салтанатты түрде байқау жеңімпаздары марапатталады.

Іс-шараға қатысушылар жазушы Ә.Нұршайықовтың мемориалдық кабинетіне экскурсия жасап, жазушының шығармаларынан ұйымдастырылған безендірілген кітап көрмесін тамашалайтын болады.

Келем деушілерге есік ашық!