+7 (727) 267-28-83

275981033 4821321211298631 6940554442896765106 n

17 наурызда ҚР Ұлттық кітапханасы Ғ. Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясымен бірлесіп, қазақ жазушысы, қоғам және мемлекет қайраткері, драматург, академик Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтің 120 жылдығына арналған «Ғабит Мүсірепов – Ұлттық сөз өнері тарихы зор тұлға» атты әдеби-сазды кеш өткізді.

Іс-шара «Қазақстандағы балалар жылы», «Оқитын ұлт» ұлттық жобасын жүзеге асыру аясында өтті. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорынан «Қазақ сөз өнерінің майталманы» атты көшпелі кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – ұлттық әдебиеттің қалыптасуы мен өркендеуіне үлес қосқан қазақтың ұлы жазушысы Ғ. Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылығын, бай әдеби мұрасын насихаттау және таныстыру.

Ғ. Мүсірепов атындағы №86  мектеп-гимназиясының директоры Мұсаева Қалдықыз Айтжанқызы құттықтау сөз сөйледі.

Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актерлары «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» қойылымынан үзінді қойды. Мектеп-гимназияның жоғары сынып оқушылары белгілі жазушының шығармалары бойынша әдеби-музыкалық композицияларын ұсынды.

Кездесу қонақтары: Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актерлары, Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері - Жылгелдиев Сағат Ермағамбетұлы мен Рахман Омаров және Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты – Бейбіт Қамаров болды.

Кеш аясында «Қазақстан кітаптары» қызметінің топ жетекшісі Ақбаева Маржан Жеңісқызы мен жас кітапханашы Ергеш Ернар кітап көрмесінде ұсынылған кітаптарға шолу жасады.

16   275969142 4821322631298489 808646706133969338 n   275999631 4821322644631821 7451463598194552476 n
276016972 4821321451298607 3800733526265111961 n   276117489 4821321207965298 7516601109790478908 n