+7 (727) 267-28-83

11

16 наурызда Әлем әдебиеті оқу залында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасындағы Иран кітап бұрышына Алматы қаласы Иран Ислам Республикасы Бас консулдығының әдебиеттерді сыйға тарту рәсімі өтті.

Кітап бұрышы 2005 жылы Қазақстан мен Иран халықтары арасындағы өзара түсіністікті тереңдету және достықты нығайту, Иранның мәдениеті, тарихы, экономикасы және қазіргі саясаты туралы зерттеуге және ақпараттандыруға жәрдемдесу, Иран Ислам Республикасының классикалық және заманауи әдебиеттерін насихаттау, екі ел арасындағы мәдени және экономикалық байланысты дамытуға бағытталған бірлескен күш-жігерді үйлестіру мақсатында құрылған.

Қазіргі таңда бұрыштың қоры 603 дана  кітап және 82 дана журналды құрайды. Бүгінде Иран әдебиеті ағылшын, парсы, орыс тілдерінде білімнің барлық саласы бойынша Әлем әдебиеті оқу залында ашық  қолжетімді.

Иран кітап бұрышына 148-ден астам басылым сыйға тартылды, олардың арасында: Иранның көрікті жерлері, сәулет және өнер, философия, тарих, балалар және заманауи көркем әдебиеттер туралы фотоальбомдар бар.  Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Б.Қ.Оспанова, Алматы қаласындағы Иран Ислам Республикасының Бас консулы Фагани Мохсен мырза сөз сөйледі. Философия ғылымдарының кандидаты, Ибн Сина ғылыми қорының директоры Андрей Лукашев ирандық жаңа әдебиетерден бейне шолу жасады. Сондай-ақ, Алматы қаласындағы Иран Ислам Республикасының Бас Консулдығы «Наурыз» ұлттық тағамдарының көрмесін ұйымдастырды.

Алматыдағы жоғары оқу орындарының студенттері парсы поэзиясы авторларының өлеңдерін оқыды.

Шара аясында Кітап бұрышының әр жылдардағы қызметін көрсететін «Иранның кітап бұрышы» виртуалды көрмесі таныстырылды.

112   1121   1123