+7 (727) 267-28-83

1403

14 наурызда Н.Дәулетова атындағы залда Халықаралық Түркі академиясының «Ұлылар үндестігі» атты халықаралық конференциясы және «Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш», «Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезі» және Мұхтар Әуезовтің «Қырғыздың батырлық эпосы «Манас» атты кітаптарының тұсаукесері өтті.

Аталған шара  ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл, заңғар жазушы М.Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.

Іс-шараны Халықаралық Түркі академиясының президенті Қыдырәлі  Дархан Қуандықұлы жүргізді.

Сөз сөйлеген қонақтар: Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, қоғам қайраткері; мәдениеттанушы Мұрат Әуез; ҚР ҰҒА президенті Мұрат Жұрынов; ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мәмбет Қойгелдиев; жазушы, кинодраматург, Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Смағұл Елубай; филология ғылымдарының докторы, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Кенжехан Матыжанов; ақын, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып және т.б.

Сонымен қатар,  іс-шара аясында Алаш мұраларын зерттеп жүрген бірқатар ғалым-қайраткерлер Түркі академиясының арнайы наградаларымен марапатталды. Түркі әлемінің тарихи-мәдени байланыстарын дамытуға қосқан зор үлесі үшін академик Мәмбет Қойгелдиев Академияның арнайы Алтын медалімен, белгілі әдебиетші ғалым Кенжехан Матыжанов Түркі академиясының Күміс медалімен марапатталды.

Қатысушылар: белгілі ақын-жазушылар, ғалымдар, зиялы қауым және БАҚ өкілдері.

Іс-шарада ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан А.Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай өмірі мен шығармашылығына арналған «Ұлттың ұлы ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы» және М.Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай «Мұхтар Әуезов әлемі» атты кітап көрмелері ұйымдастырылды.

14031   14032   14035
14033   14034   140304