+7 (727) 267-28-83

сз

11 наурызда Н.Дәулетова атындағы залда көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі Салық Зимановқа арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Салық Зиманов - көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі.

Диссертация залында С.Зимановтың өмірі мен қызметі туралы тұрақты жұмыс істейтін ашық ақпараттық стенд, оның ғылыми еңбектері, зерттеулері, монографиялары, электронды басылымдары, мерзімді басылымдардан алынған құжаттар базасы ұсынылған. Ғылыми қызметкерлерге құқықтық ақпарат алуға, Ресей мемлекеттік кітапханасының диссертациялар базасына қол жеткізуге мүмкіндік беріледі.

Ғылым саласындағы аса зор еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі болып сайланды (1967), Қазақстан Республикасы Президентінің Бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының (1993), Қазақстан мемлекеттік сыйлығының (2002) лауреаты, «Парасат» орденімен (2002), екі рет Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен және медальдармен марапатталған.

Академик Салық Зимановтың бүкіл өмірі – қазақ халқының өткенінің, бүгіні мен болашағының ажырамас бөлігі, дәстүрлер сабақтастығының және ұрпақтар арасындағы ажырамас байланыстың символы, құқықтық мемлекеттің дамуы мен қалыптасуына елеулі үлес қосуы.

Шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасының Ұлттық библиография қызметі дайындаған Салық Зимановтың өмірі мен ғылыми қызметіне арналған библиографиялық көрсеткіштің тұсаукесері өтті.

Дөңгелек үстелді тарих ғылымдарының докторы, профессор Ғизатулла Хаймолдаұлы Халидуллин жүргізді.

Сөз сөйлегендер: Мұрат Сәбитұлы - философия ғылымдарының докторы; Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ университетінің профессорлары Алуа Ибраева мен Бақытжан Қуандықов; Зәуре Сакиева - Қазақ ұлттық аграрлық университетінің доценті және т.б. Сондай-ақ Құрманғазы атындағы консерватория студенттерінің орындауында әндер айтылды.