+7 (727) 267-28-83

24 қаңтар - 2 сәуір аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша оқитын дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының 4 курс студенттері тәжірибеден өтті.

Тәжірибенің мақсаты: студенттердің алған теориялық және тәжірибелік білімдерін ұштастыру, болашақ кәсіби тұлғаның құзыреттілігін қалыптастыру.

Тәжірибелік дайындықтың негізгі міндеті студенттердің кітап қорын толықтыру, каталогтарды есепке алу, ұйымдастыру, оқырмандарға қызмет көрсету үшін библиографиялық құралдарды пайдалану, негізгі өндірістік үдерістерді орындау тәжірибесін және автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйелерде құжаттарды өңдеу дағдыларын игеру және кітапхана пайдаланушыларына сапалы ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсету туралы теориялық білімдерін бекіту болды.