+7 (727) 267-28-83

эмблема А. Байтурсынов

2022 жылғы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында О. Жандосов атындағы оқу залында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына және оның әдеби шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Қазақстанда «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы 2007 жылдан бері өткізіліп келеді.

Акцияның мақсаты – халық әдебиеттін насихаттау, тарихи, мәдени және рухани мұраны сақтау, жастарға адамгершілік-патриоттық  тәрбие беру, ана тілін құрметтеу.

Жыл сайын «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында еліміздің барлық кітапханаларында көптеген іс-шаралар мен  кітап көрмелері ұйымдастырылып, акция, таңдаулы авторлар мен олардың кітаптары туралы ақпарат беріледі, сондай-ақ  оқырмандар назарына Қазақстанның көрнекті жазушыларының шығармалары ұсынылады.

2022 жылы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы ЮНЕСКО-ның еске  алынатын күндер күнтізбесіне енді. Ахмет Байтұрсынұлының (1872-1937) – қазақ ақыны, мемлекет қайраткері, әдебиеттанушы ғалым, ұстаз, аудармашы, ағартушы, публицист, ұлттық жазудың реформаторы, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының негізін салушы, Алаш Орда партиясының мүшесі.

Шығармашылық жолын еңбекқор халықтың  арман-мұңын,  мұқтажын бейнелейтін өлеңдер жазудан бастады. Ақын жұртшылықты кітап оқуға, білім алуға, рухани дамуға, имандылыққа, мәдениеттілікке шақырды. Кітапхана оқырмандары арасында Ахмет Байтұрсынұлының шығармалары кеңінен насихатталады. Ақын мұрасы

әлемдік мәдениеттің бір бөлігі болып табылады және ол бүкіл адамзатқа қолжетімді болуы керек.

«Бір ел – бір кітап» атты кітап көрмесіне ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылық қызметі және әр жылдары жазған шығармалары туралы материалдар: «Ақ жол» (1991), «Тіл тағлымы» (1992), «Жоқтау» (1993), «Жан сөзімді кім түсінер» (1994), «Жаңа низам» (1996), «Қырық мысал» (2001 ж.),  «Маса» (2005), «Бес томдық шығармалар жинағы»(2002),  «Шығармалары» (2013) және 300 аталымнан астам кітаптарды қамтыған басқа да  шығармалары қойылды.   

 

Сіздерді кітап көрмесіне шақырамыз!