+7 (727) 267-28-83

1111

4 наурызда Н.Дәулетова атындағы залда көрнекті  қазақ ақыны, драматург, аудармашы, сазгер, «Платиналы Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері  Исраил Сапарбаймен «Әйел – біздің тағдырымыз» атты кездесу кеші және ақынның «Имани гүлдің төркіні» кітабының тұсаукесері  өтті.

Исраил Сапарбай поэзиясының бір арнасы – қыз-көктем, ару-ғұмыр, әйел-шырақ тақырыбында толқиды. Ақынның жырларында қыз, ару, жар, келіншек, ана, ұлттың тірегі болар – кейуана мәселесі айрықша жырланып, образы келбетті, күрделі тұлға ретінде айшықталған. Ақын шығармаларының эстетикалық әлемі, этикалық мәні мағыналы, ұлағатты.

Кешті  ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, ҚР Ұлттық кітапханасы жанындағы «Жас қалам» бірлестігінің және «Әдебиет әлемі» орталығының жетекшісі,  «Тұлға-достық» қоғамдық қорының директоры Мұратхан Шоқан жүргізді.

Іс-шарада Қарасай  ауданы Ушинский атындағы орта мектептің оқушылары: Сүйімбай Даниял, Уашева Айдана, Серікбай Кәусар, Жұлдызбайқызы Жансая, Жарылқасын Бекарыс  және «Тұран» университетінің 1 курс  студентері  ақынның өлеңдерін оқып, оның өлендеріне жазылған әндерді орындады.

Шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан ақын Исраил Сапарбайдың өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Әдеби-тағылымды кешке студент жастар мен мектеп оқушылары, асыл жандар – аналар қатысты.

11112   111123   1111234
11112345   111123456   1111234567