+7 (727) 267-28-83

2н

3 наурызда ҚР Ұлттық кітапханасының фойесінде «Патриоттық қозғалыс «Желтоқсан ақиқаты» Республикалық қоғамдық бірлестігінің» ұйымдастыруымен және ҚР Ұлттық кітапханасының қолдауымен Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылған ұстаз, суретші, желтоқсан оқиғасының ардагері Қадығұлова Сара Қажымұратқызының «САРАНЫҢ СЫРЛЫ ӘЛЕМІ» атты жеке шығармашылық көрмесі өтті.

Көрменің мақсаты – жасөспірімдерге эстетикалық тәрбие беру.⠀

Сөз сөйлеген қонақтар: «Патриоттық қозғалыс «Желтоқсан ақиқаты» Республикалық қоғамдық бірлестігінің» төрағасы Болат Құрымбаев, аталған бірлестіктің Алатау аудандық филиалының төрағасы Нұрлан Сүйін, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері Қожағұлов Тоққожа және т.б.⠀

Сара Қажымұратқызы өзінің 50-ге жуық авторлық туындысын өнерсүйер қауымының назарына ұсынып, көрмемен таныстырды.⠀

Қатысушылар: ұстаздар, әріптестері, желтоқсан ардагерлері және студенттер.

2н1   2н2
2н3   2н4