+7 (727) 267-28-83

3н

3 наурызда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына Алматы қаласындағы Иран Ислам Республикасының Бас консулы Фағани Мохсен мырза жұмыс сапармен келді.

ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы кездесу барысында ынтымақтастықтың мәдени-гуманитарлық және кітапхана жанындағы Иран кітап бұрышының қызметін одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, 2022 жылы жаңартылған Иранның кітап бұрышында екі жақты мәдени байланысты нығайтуға бағытталған түрлі бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру қарастырылды.

Қонақтарға Әлем әдебиеті қызметінің кітап бұрыштарына экскурсия жүргізілді.

3н1   3н2
3н3   3н4