+7 (727) 267-28-83

5464563ҚР Ұлттық кітапханасының қорына Жетісу жыршылық мектебін жалғастырушы, фольклор жинаушы, сазгер, қазақ өнеріне тың туындыларымен таныс, өзіндік қолтаңбасы бар өнер иесі Әбіш Әділбек Баймұханбетұлы «Жыраулар сөзі – тарихтың көзі» кітабы мен «Елдік пен ерліктің шежіре жырлары» атты CD-ROМ-ын  сыйға тартты. Сазгердің бұл туындылары Сақ, Ғұн, Түрік Қағанаты дәуірі және Жоңғар шапқыншылығы мен Патшалы Ресей кезіндегі жыраулар сөзінен сыр шертеді.  

Жас ұрпаққа түбіміздің кім екенін, қазақтың қайдан шыққанын және кім болғанын танытып, тарихи санасын қалыптастыруда бұл кітаптың қосар үлесі зор болмақ.