+7 (727) 267-28-83

Рахимова фото28 ақпанда ҚР Ұлттық кітапханасы «Қазақстан кітаптары» қызметінің жетекшісі А.К. Рахимова көрнекті қазақ жазушысы, белгілі қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ КСР ҒА-ның академигі Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің 125 жылдығына арналған  «Дәуір дара тұлғасы» атты республикалық онлайн семинарға қатысты.

Республикалық онлайн семинардың ұйымдастырушысы – Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті.

Іс-шараның мақсаты – М.О. Әуезовтің өмірімен және шығармашылық қызметімен танысу, жазушының әлемдік әдебиетке қосқан үлесі туралы қазақстандық студенттердің білімдерін жүйелеу.

ҚР Ұлттық кітапханасы  «Қазақстан кітаптары» қызметінің жетекшісі Рахимова Анар Кәріпбайқызы «Ұлы жазушы мұрасы – ұлт қазынасы» тақырыбында баяндама жасады.

Республикалық семинарға «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті» КЕАҚ Әлеуметтік мәселелер және білім беру жөніндегі проректоры Муханбетқалиев Есбол Есенбайұлы; кітапханашы Кребаева Гүлшат Ниязқызы; «Оңтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ Ақпараттық-білім беру орталығының директоры; «Мұхтартану» зерттеу орталығының маманы Исабек Азимхан Үсенұлы және т. б. қатысты.