+7 (727) 267-28-83

2022 жылғы 25 ақпанда Н. Дәулетова атындағы залда театр мен киноның танымал әртістері Айдос және Жібек Бектеміровтермен кездесу кеші және «Өнер қайығындағы екеу» кітабының тұсаукесері өтті.

Іс-шараның мақсаты - театр және кино актерлерінің шығармашылығын насихаттау, қазіргі жастарды мәдени құндылықтарға баулу, қазақстандық белгілі театр қайраткерлерімен жақын танысу.

Кітап өнерді бағалайтын оқырманға, жалпы кітапсүйер қауымға арналған.

Кешті ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы Жүнісбеков Болат Жүнісбекұлы жүргізді.

Сөз сөйлеген қонақтар: ҚР Ұлттық Ғылым академиясының вице-президенті, академик, Қазақ ұлттық зерттеу университетінің ректоры Тілектес Есполов, биология ғылымдарының кандидаты, профессор Қуатай Бекдайырова, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының  әртісі Жібек Бектемір.

Сондай-ақ, кеште театр және кино актері Айдос Бектемір «Абай» спектаклінен монолог оқыды. Әртіс қазақстандық суденттерге, болашақ жас ұрпаққа оқуларына және болашақ өмірлеріне сәттілік тіледі.

Іс-шараға белгілі әртістер, мәдениет және өнер қайраткерлері, туыстар, кітапхана қызметкерлері, Ж.Елебеков атындағы  республикалық эстрада-цирк колледжінің студенттері және Алматы облысы Қарасай ауданының Ушинский атындағы орта мектептің жоғары сынып оқушылары қатысты.