+7 (727) 267-28-83

WhatsApp Image 2022 02 24 at 12.50.012022 жылғы 24 ақпан,сағат 11.00-де Қытай мәдениеті мен әдебиеті залында «Қазақстандағы балалар жылы» және «Оқитын ұлт» жобасын жүзеге асыру аясында Халықаралық қазақ-қытай тілі колледжімен бірлесіп «Кітапқа құмар жастар» атты әдеби іс-шара өтті.

 

Іс-шараның мақсаты – жастардың кітап оқу белсенділігін арттыру, оларды шетелдік әлем әдебиеттерімен таныстыру. Өскелең ұрпақтың ой-өрісін кеңейтіп, оқуға деген қызығушылығын ояту.

Шараны директордыңкітапханалық жұмыстар жөніндегі орынбасары Юсупова Ажар Хамитқызы ашып, кітап бұрыштары, оқу залдары және шетелдік елшіліктермен ынтымақтастығы туралы атап өтті.

Кеште әлем әдебиеті қызыметінің жетекшісі Тұяқова Сәлима Тоқтасынқызы кітап оқудың тәрбиелік мәнімен маңызы туралы сөз өрбітті. Қытай мәдениетімен әдебиеті залының кітапханашысы Қамия Қадай кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.

Колледж студенттері: Сәкен Зере, Іңкәрбекова Аружан оқу, білім туралы өлеңдер оқыды, қатысушылар арасында әлем және қытай балалар әдебиетімен танысуға ​​арналған викторина өткізілді.Жас оқырмандар аталған викторинаға белсенді атсалысты.

ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан қытай әдебиеттері мен Қазақстандық жазушылардың қытай тіліндегі аудармалары ұсынылған «Қытай балалар әдебиеті» кітап көрмесі ұйымдастырылды.

WhatsApp Image 2022 02 24 at 12.59.55   WhatsApp Image 2022 02 24 at 12.53.08   WhatsApp Image 2022 02 24 at 12.50.39