+7 (727) 267-28-83

12022 жылғы 7-18 ақпан аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында, Жазба құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру мектебінде Қазақ Ұлттық Медицина Университеті (ҚазҰМУ) кітапханасының автоматтандыру және электрондық ресурстар бөлімінің меңгерушісі – Сабенова Л.Т. оқудан өтті. 

Құжаттарды ғылыми консервациялау зертханасында кітапхана қорларының ұзақ уақыт сақталуы бойынша теориялық және тәжірибелік білім берілді.  Құжаттардың сақталуы жайында жаңа технологияларды пайдалану саласында рН қалам-тестері, Буккиппер Спрейі, құжаттарды фазалық консервациялау ұсынылды.

Оқу бұдан әрі - қалпына келтіру және түптеу секторында жалғасты, онда әріптесіміз кітаптарды жөндеу және қалпына келтіру  бойынша тәжірибелік дағдыларды алды: желім дайындау, газеттер мен кітаптарды жөндеу және қалпына келтіру, жаңа түптеуді дайындау. Тәжірибелік жұмыстар барысында маман реставрациялық материалдармен және құралдармен таныстырылды.

Құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру бойынша курс соңында  Л.Т. Сабеноваға сертификат берілді.

IMG 20220218 WA0014   IMG 20220218 WA0029   IMG 20220218 WA0017