+7 (727) 267-28-83

3желтоқсан

3 желтоқсанда ZOOM платформасында бейнебайланыс режимінде Еуразиялық Кітапханалар Ассамблеясы мүшелерінің жалпы жиналысы өтті, оған ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Бақытжамал Қайырбекқызы Оспанова және директордың ақпараттық технологиялар және инновациялар жөніндегі орынбасары Нүрия Аманғалиқызы Искалиева қатысты. Ұйымдастырушылар – Еуразиялық Кітапханалар Ассамблеясы, Ресей мемлекеттік кітапханасы және А. Науаи атындағы Өзбекстан Ұлттық кітапханасы.

Отырыста Еуразиялық Кітапханалар Ассамблеясы дирекциясының есебі тыңдалды, 2022-2025 жылдарға арналған күн тәртібі талқыланды, 2021 жылғы желтоқсан – 2025 жылғы желтоқсан мерзіміне Еуразиялық Кітапханалар Ассамблеясының президенті – В.В. Дуда (Ресей мемлекеттік кітапханасының директоры) мен вице-президенті – А.Г. Чулян (Армения Ұлттық кітапханасының директоры) сайланды.

Сондай-ақ, Еуразиялық Кітапханалар Ассамблеясының келесі XXVI жалпы жиналысының өтетін орны ретінде Беларусь Республикасының Минск қаласы бекітілді.

беа