+7 (727) 267-28-83

27ноябрь

27 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Қазақ КСР халық әртісі Манарбек Ержановтың туғанына 120 жыл толуына орай Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының ғимаратында өткізілген «Ән Сұңқар» концертіне әнші, театр актері, композитор «ХХ ғасырдың дүлдүл сазгер әншісі – Манарбек Ержанов» атты көшпелі кітап көрмесін ұйымдастырды.

Кітап көрмесінің мақсаты – музыканттың шығармашылығын кеңінен насихаттау, қазіргі жастардың ұлттық мәдениет пен өнер тарихына деген қызығушылығын ояту.

Кітап көрмесіне Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорынан Манарбек Ержановтың өмірі мен шығармашылығына арналған материалдар, П. Момынұлы «Қазақ музыкасының қысқаша тарихы», «Манарбек Ержанов: Естелік мақалалар», «Қазақстан композиторлары. Композиторы Казахстана», А. Жұбанов «Замана бұлбұлдары», М. Ержанов «Қуанамын», «Песни композиторов Казахстана» және т.б. сияқты музыкалық шығармалар, партитуралар мен кітаптар қойылды.           

Іс-шараға белгілі қазақстандық орындаушылар: Р.Стамғазиев, А. Исатаева, Т. Құрманалиев, Е. Әлімбетов және т.б. қатысты.

27ноябрь1   27ноябрь2   27ноябрь3