+7 (727) 267-28-83

ИФЛАПАК

26 қаңтарда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Орталық Азия бойынша ИФЛА/ПАК аймақтық орталығының кезекті онлайн-отырысын өткізді. 

Түркіменстан Ғылым Академиясының Махтумкули атындағы Тіл, әдебиет және Ұлттық қолжазбалар институтының ғылыми қызметкері Гузяли Тачмамедқызы Поллыкова қолжазбаларды қалпына келтіру және түптеу зертханаларында жұмыс істейтін көптеген мамандар сұраған «Орта Азия түптеулерінде қапталды тігу» шеберлік сыныбын ұсынды. 

Бұл іс-шара кітап өнерінің ежелгі дәстүрлерін қалпына келтірумен айналысатын елдер, ұйымдар арасындағы ынтымақтастық, сондай-ақ бірегей қорларды ұқыпты қалпына келтіру және сақтау бойынша кәсіби білім мен ақпаратты тарату шеңберінде өткізілді. Бұл - мұра консервациялау және қалпына келтіру жөніндегі мектептің жұмыс  нәтижесі болып табылады.

Орталық Азия бойынша ИФЛА/ПАК аймақтық орталығының отырысына консерваторлар, қалпына келтірушілер, түптеушілер және Армения, Беларусь, Қазақстан, Молдова, Ресей, Өзбекстан, Түркіменстан және т. б. елдердің өкілдері қатысты.

ИФЛАПАК1   ИФЛАПАК2   ИФЛАПАК3