+7 (727) 267-28-83

Кемел Тоқаев

25 қаңтарда Н. Дәулетова атындағы залда ҚР Парламенті Мәжілісінің 2022 жылғы 11 қаңтардағы отырысында Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың «Қасіретті қаңтар» сабағы: қоғам тұтастығы – Тәуелсіздік кепілі» атты Үндеуіне арналған «Елдігіміз─бірлікте» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – Мемлекет басшысының Үндеуінде айтылған реформаторлық міндеттер мен Үкіметке берілген тапсырмаларды шұғыл әрі тиімді жүзеге асырудың орындалу тетіктері жайында қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдерінің ұсыныс-пікірлерімен бөлісуі, билік пен халық арасына ашық диалог платформасын ұйымдастыру.

 Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы,  Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Жүнісбеков Болат Жүнісбекұлы ашты  және жүргізді.  

«Қасіретті қаңтар» құрбандарын еске алуға бір минуттық үнсіздік жарияланып, құран бағышталды.

Сөз сөйлеген қонақтар: ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Мырзабаев,  ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Жазушылар одағының төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып, әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Дандай Ысқақ, жазушы, профессор, «Президент және халық» газетінің бас редакторы Марат Тоқашбаев, жазушы,  профессор, Әдебиет және өнер институтының қызметкері Нұрдәулет Ақыш, ғалым, филология ғылымының докторы, профессор Темірхан Тебегенов, жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Қуандық Түменбаев, жазушы, журналист, Президент сыйлығының иегері Көлбай Адырбекұлы, тілші-ғалым, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, репрессияға ұшыраған Қазақстан зиялыларының мұрасын зерттейтін «Арыс» қорының президенті Ғарифолла Әнес, ақын, жазушы, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Сәуле Досжан, ақын, ҚР Ұлттық кітапханасы жанындағы «Жас қалам» бірлестігінің жетекшісі Мұратхан Шоқан, қазақтың шешендік өнері мен сал-серілер поэзиясын зерттеген ғалым, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Серік Негимов және т.б.

Дөңгелек үстел аясында ҚР Ұлттық кітапхансының қорынан «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Қатысушылар: қоғам қайраткерлері, шығармашылық  өкілдері, ҚР Ұлттық кітапхананың жас мамандар және студенттер, БАҚ өкілдері.

Кемел Тоқаев1   Кемел Тоқаев2   Кемел Тоқаев3  
Кемел Тоқаев5   Кемел Тоқаев6   Кемел Тоқаев7   Кемел Тоқаев4