+7 (727) 267-28-83

25

25 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорына танымал жазушы Қуандық Түменбай «Саябақтағы классикалық әуен» атты жаңа кітабының бірнеше данасын сыйға тартты.

Кітап сүйер қауымға жол тартқан бұл туындыда автор тәуелсіздік кезеңіндегі ұлт мінез-құлқының өзгеруі мен олардың жаңаша тұрмыс-тіршілігін көркем тілмен қызықты баяндайды. Сондай-ақ, Ауған соғысы мен БАМ-ға  барған қазақ жастарының өмірі, желтоқсаншылар тағдырын да қамти отырып, шығармаларындағы кейіпкерлердің жан-дүниесіне барынша бойлап, қоғам шындығын терең суреттейді. Кітап болашақ ұрпақ үшін құнды тарихи дүние болып табылады және оқырманның игілігіне айналары сөзсіз. Жаңа үлгіде жазылған қызықты жаңа кітапты оқуға ұсынамыз.